Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуына жаңа бағыт беретін негізгі құжат.
Ол қоғамдағы өзгерістерді ескере отырып, мемлекеттің құқықтық жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Конституцияның жаңаруы – елдің болашағына деген жауапты көзқарастың көрінісі. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді деген ойдамын. Заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттары жаңа Конституцияның басты өзегіне айналып отыр. Бұл – тұрақты әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты болмақ. Жаңа Конституция – жай ғана құжат емес, ол елдің даму бағдары. Әр азамат оның мәнін түсініп, заң талаптарын орындауға дайын болуы тиіс. Тек сонда ғана Қазақстанның берік әрі әділетті негізі қалыптасады деп сенемін.
Ақбота Жалғауова



