Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жариялануы – ел болашағы үшін маңызды қадам. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғаммен ашық диалог орнату мәселелері басты орынға қойылған.
Жобаның қоғамдық талқылауға ұсынылуы халық пікірінің ескерілетінін көрсетеді. Бұл бастама құқықтық мемлекетті нығайтып, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған.
Сағидолла Кулов,
медицина саласының ардагері



