Жаңа Конституция – әділетті қоғамға қадам

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасының жариялануы – ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанын көрсететін маңызды қадам.

Бұл құжат қоғамдағы өзгерістерге жауап беріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, халықтың болашаққа деген сенімінің айнасы.

Жаңа жоба ең алдымен әділеттілік пен ашықтық қағидаттарын күшейтуді көздейді. Билік пен қоғам арасындағы жауапкершілік тепе-теңдігін сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету – қазіргі заман талабы болуда. Осы тұрғыда Конституция жобасы халықтың үнін ескеруге, азаматтық белсенділікті арттыруға жол ашады деген ойдамын. Бұл өзгерістер елдің саяси мәдениетін жаңғыртып, құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал етеді. Конституцияны жаңарту – бір күндік науқан емес, ұзақ мерзімді дамудың берік іргетасы. Сондықтан, әр азамат бұл үдерістің мәнін түсініп саналы көзқарас танытуы қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT