Халықтың танысуына ұсынылған Негізгі заңымыздың жаңа жобасы қоғамдағы өзгерістерге сай мемлекет пен азаматтарымыз арасындағы байланысты нығайтуды көздейді.
Мұнда адам құқықтарын қорғау, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыру сияқты маңызды бағыттар қамтылған. Бұл өзгерістер халықтың пікірін ескере отырып қабылдануы – оның басты артықшылығы. Конституциялық реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртып, демократиялық құндылықтарды бекемдей түседі деп сенемін.
Жаңа Конституция – тұрақтылық пен даму кепілі. Ең бастысы, әрбір азамат оның мәнін түсініп, ел болашағына жауапкершілікпен қараса, бұл құжат шынайы өмірде өз нәтижесін береді.
Бралиева Гүлдана



