Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде, құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу бағытында “Заңды сақтау-өзіңді қорғау” тақырыбында 8-11 сынып ұл балаларымен ұлдар жиналысы өткізілді.
Сондай-ақ, қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед басқармау, қорқытып алушылық пен бопсалаушылыққа жол бермеу, жаппай төбелестің алдын-алу және ұрлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қыс мезгіліне орай, мұз қату кезеңінде жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.



