Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, құқықтық сауаттылықты арттыру.
Шара барысында оқушыларға бейнематериалдар көрсетіліп, пікір алмасу, сұрақ-жауап, талдау жұмыстары жүргізілді. Іс-шара оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаларын санасына сіңіруге бағытталды.



