"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" айлығы шеңберінде құқықтық ақпарат күні аясында Бегалиев мектебінде «Өз құқығыңды біл. Буллингтен қорған!» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға:
– буллингтің түрлері мен белгілері;
– зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары;
– өз құқығын қорғау тетіктері;
– көмекке жүгіну жолдары мен сенім қызметтері туралы маңызды ақпарат берілді.
Интерактивті форматта ұйымдастырылған сабақтарда оқушылар белсенділік танытып, пікір алмасты, өмірлік жағдаяттарды талқылады.
Шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және буллингке қарсы «нөлдік төзім» мәдениетін орнықтыру.
Құқығыңды біл – өзіңді қорғай біл!



