Цифрландыру – нақты нәтиже жолы

(0 Votes)

Ұлттық Құрылтайда ел дамуының өзекті бағыттары кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы кез келген мемлекеттің басты күші – халықта екенін атап өтіп, бос уәде мен жалған ұранға емес, нақты іске негізделген саясаттың маңызын көрсетті.

Қазіргі күрделі кезеңде қабылданатын әр шешім өмір шындығымен ұштасып, қоғамның нақты сұранысына жауап беруі тиіс. Құрылтайда цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл бағыт тек сән үшін емес, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға, қызмет сапасын жақсартуға бағытталуы қажет екені айтылған болатын. Сонымен қатар, адам капиталының сапасын арттыру – білім, ғылым және жоғары технологияға салынған инвестиция арқылы жүзеге асатыны айтылды. Алайда, озық технологиялар өздігінен нәтиже бермейді. Құрылтайда басқару жүйесін реттемей, цифрлық өзгерістерге қол жеткізу мүмкін еместігі ашық айтылды. Сондықтан цифрлық реформалар нақты көрсеткіштермен өлшеніп, қағазбастылықтан арылған, тиімді басқаруға негізделген жүйе қалыптастыруды көздеуі тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT