Мемлекет басшысының заң мен тәртіпті күшейтуді қолға алуы орынды. Себебі, соңғы жылдары заң бұзушылықтар көбейіп кетті. Заң және тәртіп – қоғамның айнасы. Бұл адамдарға бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге мүмкіндік береді, олардың мүдделерін қорғайды, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды реттейді.
Қазіргі қоғамды заңсыз және тәртіпсіз елестету мүмкін емес. Бұл мемлекеттің өмірі, азаматтардың әл-ауқаты мен елдің дамуы құрылатын іргетас, адам құқықтарын қорғаудың, әділеттілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды құралы. Бүгін, Қазақстан күшті құқықтық мемлекет құруға ұмтылған кезде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мәселесі ерекше өзекті болып отыр.
Жалпы қоғамның тыныштығы ғана емес, бүкіл ұлттың болашағы әр азаматтың заңдарды қаншалықты құрметтейтініне байланысты. Егер азаматтар өз міндеттерін адал атқарса — салықты уақытында төлесе, жол ережелерін сақтаса, адал жұмыс істесе және басқаларды құрметтесе қоғам күшті және тұрақты болады. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру - қазіргі күннің маңызды міндеті. Оған атсалысу баршамыздың парызымыз. Әрбір азамат қолданыстағы заңдылықтарды білуі және бұлжытпай сақтауы тиіс. Заңды білмеген жауапкершіліктен құтқармайды.
Темірболат Зейнетуллин,
ауған соғысының ардагері



