«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)
2026 жылдың 15-22 ақпан күндері аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің профилактикалық есебінде тұрған тұлғамен жеке профилактикалық жұмыс жүргізілді.
 
Кездесу барысында оған кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу міндеттері, ата-аналық жауапкершілік, тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
 
Сонымен қатар, алкоголь өнімдерін пайдаланудың зияны, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қыс мезгілінде мұз айдындарына қараусыз жібермеу, сондай-ақ электр құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT