Жаңа Конституция жобасында жер және табиғи ресурстарды қорғау мәселесі маңызды бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Бұл өзгерістер халық пен мемлекет мүддесін тең ұстауға бағытталып жатыр.
Құжатқа сәйкес, жер мен жер қойнауының ұлттық байлығы – халық мен мемлекет меншігінде болып, оларды пайдалану мен басқару ашық әрі заңды түрде жүзеге асады. Мұндай тәсіл ресурстарды әділ бөлуді және экономикалық даму үшін тұрақты негіз қалыптастыруды қамтамасыз етпек.
Сарапшылардың пікірінше, табиғи ресурстарға конституциялық кепілдік беру-елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығы мен азаматтардың сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.



