Сын-қатерге жаңа жауап

(0 Votes)

Президент Жолдауында еліміздің дамуы жаңа тарихи кезеңге аяқ басқаны атап өтілді. Қазіргі жаһандық өзгерістер, экономикалық тұрақсыздық пен технологиялық серпілістер мемлекет алдына тың міндеттер қойып отыр.

Осы орайда әрбір сын-қатерге нақты әрі уақтылы жауап беру – уақыт талабы. Жолдауда жасанды интеллектті дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және адами капиталдың сапасын арттыру басты басымдықтардың бірі ретінде айқындалды. Бұл – әлемдік бәсекеге қабілетті болудың, тиімді басқару мен ашық қоғам қалыптастырудың маңызды тетігі. Бүгінгі таңда жаңа сын-қатерлерге қарсы тұру үшін жаңаша ойлау, ғылым мен технологияны ұштастыру қажет. Президент Жолдауында айтылған бастамалар ел дамуының берік негізін қалыптастырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұлттық мүдде жолында тиімді пайдалануға жол ашады.

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT