Жаңа Конституция жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Бұл бастама мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың билікке деген сенімін нығайтуға арналды.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметі ашық әрі есеп беретін болуы тиіс, ал мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен жауапкершілігі нақты бекітіледі. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы институттардың мәртебесі күшейіп, заңсыз әрекеттерге қарсы сенімді механизмдер жасалады.



