Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу - әр адамның міндеті

(0 Votes)
Барлық салада сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтың белең алып, тамыры тереңдеп бара жатқаны қынжыларлық iс. Қылмыстың мұндай түрiне жол берiлуiне мүмкiндiк жасайтын бiрнеше сипаттамалар келтiре кетсек, олар: қанағатсыздық, пайдакүнемдiк, қызғаныш. Сондай-ақ, мансап қуу, өзiнiң материалдық жағдайын қанағаттандыру үшiн заң және мораль нормаларын, кәсiби абыройын белден басуға дайын болу.
 
Ал, өз қызметiн жеке мүддесi үшiн пайдалануға өзiн-өзi дайындау, бұрынғы жоғалтқан материалдық шығындарының орнын қылмыс жасау арқылы толтыру, осындай керi көрiнiстердiң қызметтестерi қол жеткiзген биiк шыңдарға бағытталуы, сонымен қатар, бiлiм алуға, жұмысқа орналасуға кеткен қаржылардың орнын толықтыру.
 
Осының бәрi сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға итермелейтiн факторлар болып табылады.
 
Қазiргi заң талаптарына сай пара алушылармен қатар, пара берушiлер де жазаланады. Әрдайым қызмет бабында терiс әрекеттер жасайтын адамдардың жең ұшымен жалғасып, заңсыз пайда табуға iшi тартып тұруының астарында заңды айналып өту үшiн пара беретiндердiң әрекеттерi де көрiнбей қалмайды.
 
Ең бастысы, әр адам өз құқығын қорғай бiлуi керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT