Жаңа Конституция жобасында сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыруға ерекше назар аударылуы – құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам.
Соттың әділ әрі бейтарап болуы – азаматтардың мемлекетке деген сенімінің негізі. Судьялардың жауапкершілігін күшейту және сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету қоғамдағы заң үстемдігін нығайтады.
Әділ сот – әр адамның құқығын қорғаудың басты кепілі. Сондықтан сот жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер елдегі тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етеді деп ойлаймын.



