Реформаның негізгі ерекшелігі – адам мүддесіне басымдық берілуі. Өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда, құқықтық жаңғыру үдерісінде ғылым мен білімнің рөлін күшейту, шығармашылық әлеуетті дамыту, ұлттық рух пен заманауи бірегейлікті үйлестіру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Жобаға енгізілген «неке – ер мен әйелдің тең әрі ерікті одағы» туралы норма да қоғамдағы кең қолдауға ие. Бұл – дәстүрлі отбасы институтын, ұрпақ сабақтастығын және әлеуметтік тұрақтылықты қорғауға бағытталған айқын әрі түсінікті конституциялық ұстаным. Конституция жобасында вице-президент институтына арналған жаңа бап пайда болды. Құжатқа сәйкес, вице-президентті тағайындауды Президент Құрылтайдың келісімімен, оның депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.



