Жаңа Конституция жобасында маңызды мемлекеттік шешімдерді референдум арқылы қабылдау тетігінің күшеюі – демократиялық қағидаттардың нығаюының нақты белгісі.
Бұл бастама халықтың ел тағдырына тікелей араласуына жағдай жасайтыны анық.
Азаматтардың өз дауысы арқылы заңнамалық өзгерістерге ықпал етуі – қоғамдағы жауапкершілікті ұлғайтып, билік пен халық арасындағы сенімді арттырады.
Референдум – тек саяси құрал емес, ол ел болашағына ортақ жауапкершіліктің символы. Сондықтан бұл өзгерісті азаматтық белсенділікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам деген ойдамын.



