Президент Жолдауы – жасанды интеллектіні білім беру саласына жүйелі енгізудің нақты бағытын көрсеткен маңызды құжат. Онда заманауи технологияларды меңгерген ұрпақ қалыптастыру елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты шарты екені атап өтілді.
Осы тұрғыда білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану басым бағыттардың біріне айналды. Жолдауда білім беру мазмұнын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу қажеттігі көрсетілді. Жасанды интеллектке негізделген мамандықтарға сұраныстың артуы техникалық және жоғары білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Университеттерде ІТ, деректерді талдау және интеллектуалды жүйелер бойынша бағдарламаларды күшейту – осы басымдықтардың айқын көрінісі. Сонымен бірге, жасанды интеллект білім беру саласында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ықпал етеді. Онлайн платформалар мен ақылды жүйелер арқылы ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы айырмашылықты азайтуға болады. Президент Жолдауында белгіленген бұл бағыттар білім саласын технологиялық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Серікбаева Жансая
жас мұғалім



