Парламенттің өкілеттігін кеңейту және билік тармақтарының теңгерімі

(0 Votes)

Жаңа Конституция Парламенттің рөлін күшейту мен билік тармақтарының өзара тепе-теңдігін сақтау мәселесі ерекше маңызға ие деп ойлаймын.

Бұл өзгерістер демократиялық қағидаттарды нығайтып, мемлекеттік басқару жүйесінің ашық әрі тиімді болуына жол ашады.

Парламенттің заң шығару және Үкімет қызметін бақылау өкілеттіктерінің кеңеюі – халық мүддесінің ескерілуін арттырады. Себебі депутаттар – халықтың сайлаған өкілдері, сондықтан олардың шешім қабылдау үдерісіндегі ықпалының артуы азаматтардың дауысы естіледі деген сөз.

Билік тармақтарының теңгерімді жұмыс істеуі – тұрақтылықтың кепілі. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасындағы бұл бағыт елдің саяси жүйесін жаңғыртуға және құқықтық мемлекетті нығайтуға оң әсер етеді деп ойлаймын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT