Жаңа Конституция жобасында Парламенттің рөлін арттыру елдегі демократиялық үдерістерді дамытуға бағытталған маңызды қадам.
Заң шығару билігінің күшеюі, депутаттардың жауапкершілігінің артуы және халықпен байланысының нығаюы - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады деп есептеймін.
Парламенттің ықпалы артқан сайын, заңдар сапалы әрі қоғам сұранысына сай қабылданады. Бұл билік тармақтарының теңгерімін сақтап, ашық әрі әділ басқару жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.



