Мемлекет пен қоғам байланысын нығайтады

(0 Votes)

Конституция жобасы – халықтың нақты сұранысы мен үніне сүйеніп жасалған маңызды құжат. Онда қоғамда жиі көтерілетін әділдік, теңдік және жауапкершілік мәселелері көрініс тапты.

Бұл жобаның басты мәні – әр азаматтың пікірін ескеруінде деп ойлаймын. Халықтың үні естілген жерде сенім қалыптасады. Конституция жобасы арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау күшейіп, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыс нығая түседі. Бұл – биліктің халықпен ашық диалогқа бет бұрғанының белгісі. Жалпы, Конституция жобасы тек заңдық құжат қана емес, ел болашағына деген ортақ көзқарасты білдіреді. Ол халық пен мемлекеттің бір бағытта әрекет етуіне жол ашатын маңызды қадам деп есептеймін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT