Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің саяси, экономикалық және институционалдық дамуына қатысты маңызды бастамалар көтерді.
Мемлекет басшысының сөзінде басқару жүйесін жаңғырту, халық өкілдігінің рөлін күшейту және ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарды айқындау мәселелері кеңінен қамтылды. Саяси жүйені жаңарту аясында Президент Парламенттің атауын «Құрылтай» деп өзгерту мүмкіндігін ұсынып, бір палаталы, ықшам әрі тиімді заң шығару органын қалыптастыру қажеттігін атап өтті. Мұндай формат тарихи дәстүр мен қазіргі заман талаптарын ұштастыра отырып, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, Парламенттің өкілеттіктерін кеңейту, оның саяси салмағы мен жауапкершілігін арттыру мәселесі де күн тәртібіне шығарылды.
Балғаным Хасенова,
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы



