Ұлттық құрылтай – қоғамның жаңару үдерісіндегі маңызды бастама. Бұл жиын ел өміріне әсер ететін түйткілді мәселелерді ашық айтып, оларды шешудің ортақ жолын табуға мүмкіндік берді. Құрылтай арқылы халықтың үні естіліп, ұсыныстар мемлекеттік саясаттың бір бөлігіне айнала бастады.
Құрылтайда көтерілген бастамалардың негізінде бірқатар заңдар қабылданып, реформалар жүзеге асырылды. Бұл халық сенімінің артып, мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың күшейгенін аңғартады. Әсіресе, жастар, әйелдер, балалар құқығы, ұлттық тәрбие мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері басты назарда болды. Сонымен бірге, Ұлттық құрылтай ел болашағына қатысты ортақ көзқарас қалыптастырды. Қоғам белсенділері мен зиялы қауымның пікірлері ескеріліп, жауапкершілік пен әділдік қағидаттары алдыңғы орынға шықты. Бұл – саналы қоғам құруға жасалған маңызды қадам. Ұлттық құрылтай – тек пікір алмасу алаңы емес, елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталған шешімдер қабылданатын стратегиялық мінбер. Оның рөлі алдағы уақытта да арта бермек.
Ақбота Жалғауова



