Ұлттық Құрылтай және тарих

(0 Votes)

Ұлттық Құрылтай – ел дамуының өзекті бағыттары айқындалатын, ұлттың тарихи санасы мен болашақ бағдары тоғысатын маңызды алаң.

Бұл жиында мемлекет үшін мәні зор мәселелер ашық талқыланып, ұлттық мүддеге негізделген шешімдер қабылданады. Әсіресе тарихқа, рухани құндылықтарға және ұлттық бірегейлікке қатысты бастамалар Құрылтайдың маңызын арттыра түседі.

Қазіргі кезеңде төл тарихымызды терең ғылыми негізде зерделеу – елдігімізді нығайтудың басты шарттарының бірі. Түркі өркениетін зерттеу, Алтайды түркі халықтарының ортақ мұрасы ретінде тану сынды ғылыми бастамалар Ұлттық Құрылтайда көтерілді. Мұндай жобалар ұлттың тамырын танып, тарихи сабақтастықты сақтауға жол ашады деп ойлаймы. Ұлттық Құрылтайда айтылған ойлар мен ұсыныстар жасампаз отаншылдықты қалыптастыруға қызмет етеді. Өткенді құр ұранмен емес, нақты ғылыми еңбектермен, жүйелі жұмыстармен ұлықтау – нағыз жауапты көзқарас. Осы арқылы қоғамда елге деген сенім мен жауапкершілік күшейе түседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT