Ұлттық құрылтай және өңірлік дамудың нақты көрінісі

(0 Votes)

Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар ел дамуының нақты бағыттарын айқындайды. Қызылорда облысының бүгінгі әлеуметтік-экономикалық ахуалы осы сөздердің іс жүзіндегі көрінісін аңғартады.

Соңғы жылдары өңірде өндіріс пен инфрақұрылым саласында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Аймаққа тартылған ірі инвестициялар жаңа жобалардың іске асуына жол ашты. Жаңа жылу электр орталығының пайдалануға берілуі энергетикалық қауіпсіздікті нығайтып, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту деңгейін арттырды. Газдандыру жұмыстарының кезең-кезеңімен жүзеге асуы да халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар, көлік-логистика саласында айтарлықтай өзгерістер бар. Әуе, теміржол және автомобиль жолдарының жаңғыртылуы облыстың экономикалық әлеуетін күшейтті. Бұл — өңірдің ішкі және сыртқы байланысын дамытатын маңызды фактор. Ұлттық құрылтайдың мәні де осында — ол елдегі оң өзгерістерді жүйелеп, алдағы даму бағыттарын нақтылайды. Қызылорда облысының бүгінгі даму қарқыны мемлекеттік саясаттың өңірлік деңгейде нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Қисымов Фархад, 

ішкі істер саласының ардагері

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT