Қасиетті Қызылорда жерінде өткен Ұлттық құрылтай ел тарихы мен тағдырына терең бойлаған маңызды басқосу болды.
«Сыр – Алаштың анасы» атанған өңір — қазақ өркениетінің алтын діңгегі. Шірік-Рабат, Сығанақ, Жанкент сынды көне қалалар осы өлкеде мемлекеттілік пен мәдениеттің ерте дамығанын айғақтайды. Сыр бойы – Қорқыт атадан бастау алған жыраулық, күйшілік өнердің ордасы. Бұл өңірден шыққан Жиенбай, Нартай, Нұртуған сынды саңлақтар қазақтың рухани әлемін байытты. Осындай тарихи әрі мәдени негіз Ұлттық құрылтайдың дәл осы аймақта өтуіне терең мағына береді. Құрылтай барысында айтылған ойлар өткенді дәріптеумен шектелмей, болашаққа бағдар жасауға бағытталды. Ұлттың тарихи жады сақталған жағдайда ғана елдік сана нығаяды. Осы тұрғыдан алғанда, Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай ұлттық бірегейлікті күшейтетін маңызды қадам болды. Ұлттық құрылтай — халықтың рухани тамырына үңіліп, ұлттың болашағын ортақ жауапкершілікпен айқындайтын алаң. Бұл басқосу ел тарихындағы тағылымды дәстүрлерді жаңғыртып, жаңа дәуірдің талаптарына сай ой түюге мүмкіндік берді.
Жұмақай Ғұмаров,
Құрманғазы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы



