Құрылтайда көтерілген жастар мен білім мәселесі – ел болашағының кепілі

(0 Votes)

Қызылордада өткен Құрылтайда жастар мен білім мәселесінің көтерілуі – өте орынды қадам деп есептеймін. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі білім алып жатқан жас буынның қолында. Тек сапалы білім ғана емес, тәрбие, ұлттық құндылықтар, еңбекқорлық пен жауапкершілік сияқты қасиеттерді қатар дамыту маңызды.

Қазіргі заманда жастарға мүмкіндік көп, бірақ бағыт-бағдар беру, дұрыс жол көрсету – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Құрылтайда осы мәселелердің ашық талқылануы билік жастардың болашағына бейжай қарамайтынын аңғартады. Ең бастысы, айтылған бастамалар нақты бағдарламаларға айналып, ауыл мен қала жастарына бірдей қолжетімді болса, бұл ел дамуына үлкен серпін береді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT