Конституциялық реформалар талқыланды

(0 Votes)

Бүгін Құрманғазы ауданының Отбасын қолдау орталығында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасы талқыланып, реформаларды түсіндіру мақсатында мекеме қызметкерлері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Облыстық мәслихат депутаты, орталықтың бөлім басшысы З.О. Карсакова және орталықтың заңгерлері А. Пауеденова мен А. Тогаева Ата заңға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Реформалардың басты ерекшелігі – адам мүддесіне басымдық берілуі. Өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, өмір сапасын арттыруға бағытталған. Құқықтық жаңғыру үдерісінде ғылым мен білімнің рөлін күшейтуге, шығармашылық әлеуетті дамытуға, ұлттық рух пен заманауи бірегейлікті үйлестіруге ерекше мән берілгені атап өтілді.

Жобаға енгізілген «неке – ер мен әйелдің тең әрі ерікті одағы» туралы норма қоғамда кең қолдау тауып отырғаны айтылды. Бұл – дәстүрлі отбасы институтын, ұрпақ сабақтастығын және әлеуметтік тұрақтылықты қорғауға бағытталған айқын конституциялық ұстаным. Сонымен қатар, Конституция жобасында вице-президент институтына арналған жаңа баптың қарастырылғаны да сөз болды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны жөнінде ақпарат берілді.

2026 жылдың 15 наурызы – ел үшін маңызды күн. Бұл күні қазақстандықтар республикалық референдумда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өз таңдауларын жасайды. Дөңгелек үстел барысында қызметкерлер өз пікірлерін білдіріп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында ой алмасты. Сондай-ақ Мемлекет басшысының шешімін қолдайтындықтарын жеткізіп, 15 наурыз күні белсенді қатысып, өз таңдауларын жасайтындықтарын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT