Конституциялық реформа – әділетті қоғамға бастар жол

(0 Votes)

Конституциялық комиссия отырысында қаралған ұсыныстар – еліміздің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың үнінің естіліп жатқанын көрсететін маңызды қадам. Екі мыңнан астам ұсыныстың сараланып, жүйеленуі – реформаның шын мәнінде қоғамдық сипат алып отырғанының дәлелі.

Әсіресе, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту, сот жүйесінің рөлін нақтылау, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қайта қарау бастамалары құқық үстемдігін нығайтуға бағытталғаны қуантады. Бұл – мемлекет пен азамат арасындағы сенімді арттыратын шешімдер.

Бір палаталы Парламент – Құрылтай құру және Халық кеңесінің конституциялық мәртебесін айқындау да халықтың басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейте түседі. Мұндай өзгерістер елдегі саяси жүйені жаңғыртып, ашық әрі жауапты басқару моделін қалыптастыруға жол ашады.

Ең бастысы – бұл реформа халық мүддесін алдыңғы орынға қоя отырып жүргізіліп жатыр. Демек, Конституциядағы әрбір өзгеріс елдің тұрақтылығы мен әділетті қоғам құруға бағытталған берік қадам болмақ.

Ерлан Хисметуллин,

“Аманат” партиясы аудандық филиалдың төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT