Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Бұл жиын елімізде басталған ауқымды саяси реформалардың нақты іске аса бастағанын көрсетеді. Мемлекет басшысының бастамасымен ұсынылған бір палаталы Парламент құру және Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жасақталуы – мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай жетілдіруге бағытталған маңызды қадам.
Азаматтардың ұсыныстары ескеріліп, ел дамуына негіз болатын өзгерістер қолға алынуы – қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады. Конституциялық комиссияның алдында тұрған міндет айрықша, ал оның жұмысы Қазақстанның болашағы үшін шешуші мәнге ие.
Ануарбек Сәбитов,
аудандық мәслихат депутаты



