Жаңа Конституция жобасында конституциялық бақылау тетіктерін күшейту мәселесіне ерекше мән берілген. Бұл бағыт құқықтық мемлекеттің негізгі тірегіне айналады.
Енді азаматтар, Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа тікелей жүгіну мүмкіндігіне ие болмақ. Мұндай мүмкіндік заңдардың Конституцияға сәйкестігін бақылауды күшейтіп, халыққа өз құқықтарын қорғау жолында сенімділік береді.
Мамандардың айтуынша, Конституциялық соттың рөлінің артуы-заң үстемдігін орнатудың маңызды қадамы. Әрбір азаматтың құқықтары қорғалып, әділеттілік қағидаты нығая түседі.



