Қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтереді

(0 Votes)

Конституцияның жаңа жобасындағы Халық кеңесінің тиімділігі үш негізгі фактордан көрінетін болады. Біріншіден, оның құрамының шынайы өкілдік сипаты, онда тек өзара жақтаушылар емес, әртүрлі көзқарастағы тұлғалар болуы міндетті.

Екіншіден, ұсынымдарының нақты саяси салмағы болуы, егер Кеңес ұсыныстары ескерусіз қалса, институт жай формалдылыққа айналады. Үшіншіден, оның жұмысының ашықтығы мен қоғамға есептілігі. Өйткені Халық кеңесі тек рәміздік немесе имидждік орган ретінде қалып қойса, халықтың сеніміне де селкеу түседі. Ал керісінше, дербес ойлай алатын, кәсіби әрі батыл пікір білдіретін орынға айналса, бұл институт еліміздегі «еститін мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асқан үлгісі болары анық. Яғни жаңа орган елдегі саяси жүйені қоғамдық қолдаумен күшейтетін құрал болуға тиіс. Сонымен қатар Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге және жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтеруге де құқылы. Бұл халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық диалогты жаңа деңгейге көтереді  деп күтілуде.

Сөз соңында еске сала кетер жайт 94-ші баптың 1 бөлімінде  Қазақстан Республикасының Конституциясы жаңа жобасы республикалық референдум нәтижелері ресми түрде жарияланған күні қолданысқа енетіні, сол мезгілден бастап бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылатыны айтылған. Сонымен қатар аталған баптың 2 бөлімінде «Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады», деп көрсетілген.                                                                                      

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT