Қоғам құндылықтары

(0 Votes)

Ұлттық Құрылтайда қоғамның моральдық және құқықтық негіздеріне қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Мемлекеттің басты міндеті – азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, ар-намысын аяққа таптатпау.

Бұл ұстаным Құрылтайда ашық айтылып, нақты көзқарас ретінде бекітілді. Дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен жеке адамның еркіндігі бір-біріне қарсы қойылмауы тиіс.

Мемлекет ешкімді көзқарасы үшін қудаламауы керек, бірақ заңсыздық пен зорлық-зомбылыққа да жол берілмейді. Соңғы оқиғалар қоғамда заң мен тәртіптің бәріне ортақ екенін тағы бір мәрте көрсетті. Ұлттық Құрылтай – қоғамды сабырға, жауапкершілікке және парасатты шешімдерге шақыратын алаң. Әр мәселені эмоциямен емес, заң аясында қарастыру – өркениетті елдің белгісі. Тек осылай ғана әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT