Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түсінік жұмыстары жүргізілді

(0 Votes)
2026 жылдың ақпан айының 11-і күні Нұржау жалпы орта мектебінде, есірткі оның ішінде синтетикалық есірткі салдары: сату және сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында “Кемшіліктерді жою жолдары, жақсы істерді жандандыру” тақырыбында 7-11 сынып ұл балаларымен жиналыс өткізілді.
Жиналыста қылмысты болдырмау, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында оқушыларға түнгі сағат 23:00 ден таңғы 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауы, түнгі сағат 22:00 ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт аралығында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін, үшкір бұйымды заттарды өздерімен алып жүрмеу, мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед басқармау, қорқытып алушылық пен бопсалаушылыққа жол бермеу, жаппай төбелестің алдын-алу және ұрлық қылмыстарының алдын-алу мақсатында бөтеннің мүлкіне қол сұқпау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
 
Мұз қату кезеңінде жағалаудағы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау бағытында профилактикалық түсінік жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT