Ұлттық Құрылтай – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаң. Құрылтайда көтерілген негізгі бастамалардың бірі – Халық кеңесін құру мәселесі. Бұл бастама ел ішіндегі өзекті проблемаларды тікелей халықтың қатысуымен талқылауға, қоғам пікірін ескеруге бағытталған нақты қадам болып табылады.
Халық кеңесін құру арқылы азаматтардың ұсыныс-пікірлері жүйелі түрде жиналып, мемлекеттік шешім қабылдау процесіне ықпал ете алады. Кеңес құрамына әр сала өкілдерінің енуі қоғамдағы түрлі көзқарастардың ескерілуіне мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ашықтықты арттырып, билік пен халық арасындағы сенімді күшейтеді. Ұлттық Құрылтайда ұсынылған бұл бастама қоғамдық диалог мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. Халық кеңесі – ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың үнін естуге арналған тиімді тетік. Осы арқылы қоғамдағы бірлік нығайып, ортақ мақсатқа жұмылған жауапты мемлекет қалыптасады.
Ақбота Жалғауова



