Жақында ғана Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай жаңа реформалар басталатынын айқын көрсетті. Онда бірқатар тақырыптар талқыға түсті. Соның бірі — Халық кеңесін құру.
Бұл қоғам мен биліктің арасындағы басты құрылым болғалы отыр. Мемлекет басшысы бұл институт азаматтардың ұсыныс-пікірін ескере отырып, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді, билік пен халық арасындағы ашық байланысты нығайтатынын атап өтті. Сыр өңірінде өткен Құрылтай қоғам өмірін жаңа сапаға көтере түсетіні анық.
Рая Елеусізова,
мәдениет саласының ардагері



