Қазіргі кезеңнің бағыты

(0 Votes)

Қазіргі кезең – жаңару мен жаңаша ойлауды талап ететін уақыт. Әлемдегі саяси, экономикалық және технологиялық өзгерістер әр мемлекеттің даму бағытын айқындап отыр.

Мұндай жағдайда басты мақсат – тұрақты даму мен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету. Президент Жолдауында белгіленген негізгі бағыттар елдің стратегиялық ұстанымын көрсетеді. Әсіресе цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, білім мен ғылымға басымдық беру – уақыт талабынан туындаған маңызды қадамдар. Бұл бағыттар экономиканың тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғамның сапалы дамуына жол ашады.

Бүгінгі таңда басты бағыт – заман ағымына бейімделу емес, оны басқару. Инновация мен ұлттық мүддені үйлестіре білген ел ғана алға нық қадам жасап, болашаққа сенімді қарай алады.

Ақбота Жалғауова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT