Мемлекет басшысы көтерген мәселе – әрбір қазақстандықты, соның ішінде ауыл тұрғындарын да қатты алаңдататын өзекті тақырып. Президент айтқандай, коммерциялық банктер арқылы триллиондаған теңгенің күмәнді жолмен сыртқа шығуы – ел экономикасына ғана емес, қарапайым халықтың өміріне тікелей зиян.
Ауылдық жерде тұратын халық үшін де мемлекет қаржысы – жол, мектеп, аурухана, ауызсу секілді ең қажетті салаларға жұмсалуы тиіс ресурс. Ал сол қаржының заңсыз схемалар арқылы жоғалуы әлеуметтік мәселелердің шешілмеуіне әкеліп соғады.
Сондықтанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкке бақылауды күшейту жөніндегі Президент тапсырмасы өте орынды деп есептейміз. Егер банк жүйесінде ашықтық пен қатаң тәртіп орнаса, халықтың мемлекетке деген сенімі де артады. Заңды белден басатын қаржы алаяқтарына тосқауыл қойылатын уақыт әлдеқашан келді.



