Өңірлерге серпін берер кездесу

(0 Votes)

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай ел дамуының өзекті бағыттарын айқындаған маңызды алаңға айналды. Құрылтай барысында қоғамды толғандырып жүрген әлеуметтік мәселелер, заң мен тәртіп, ұлт бірлігі, жастар тәрбиесі, еңбек адамының мәртебесін арттыру сияқты тақырыптар кеңінен талқыланды.

Мемлекет басшысы көтерген бастамалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, әділетті қоғам қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды нығайтуға бағытталғаны анық байқалды. Құрылтай — билік пен халық арасындағы ашық диалогтың тиімді үлгісі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қызылорда төрінде айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстар елдің болашағына нақты бағдар беріп, өңірлердің дамуына серпін беретініне сенім мол.

Балғаным Хасенова, 

"Құрмет орденінің" иегері, ардагер ұстаз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT