Ұлттық Құрылтайда көтерілген ең өзекті мәселелердің бірі – энергетика саласының тұрақтылығы. Бүгінде электр қуатына сұраныс артып отыр, ал қолда бар қуат көздері барлық жоспарды толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз.
Осыған байланысты жаңа энергия көздерін іске қосу – уақыт күттірмейтін мәселе. Елімізде көмір қорының мол екені айтылды. Оны қоршаған ортаға зиянын азайтатын заманауи технологиялармен тиімді пайдалану қажет. Сонымен қатар, газ өндірісін дамыту, жаңа кен орындарын игеру және энергия көздерін әртараптандыру ел экономикасының тұрақты дамуына жол ашады. Құрылтайда айтылған бұл бастамалар – жай сөз емес, нақты іске асуы тиіс міндеттер. Энергетикалық қауіпсіздік қамтамасыз етілмейінше, елдің бәсекеге қабілеттілігі де толық қалыптаспайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болуы керек деп ойлаймын.
Ақбота Жалғауова



