2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы Жарлық – ел болашағына қатысты маңызды қадам.
Конституция – мемлекеттің іргетасы, ал оны қабылдау немесе қолдау мәселесін халықтың өз шешіміне ұсыну – демократиялық қағидаттардың айқын көрінісі. Бұл әрбір азаматқа тарихи үдеріске тікелей қатысуға мүмкіндік жасайды.
Сондықтан референдум – тек құқық емес, ортақ жауапкершілік деп есептеймін.
Ержан Ғайнетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы



