Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбаты – ел дамуының қазіргі бағытын айқындап, алдағы міндеттерді нақтылаған мазмұнды пікір алаңы болды.
Сұхбатта мемлекет басшысы әлеуметтік-экономикалық даму, өңірлерді қолдау, еңбек адамының беделін арттыру және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелеріне ерекше тоқталды. Әсіресе, нақты істерге негізделген ұстаным, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жоспарлар сенім ұялатады. Бұл сұхбат елдің болашағына жауапкершілікпен қарап, бірлік пен еңбекті басты құндылық ретінде ұсынған маңызды үндеу деп бағалауға болады.
Жұмақай Ғұмаров,
ақсақалдар кеңесінің төрағасы


