Президент Жолдауында қазіргі заманның қарқынды өзгерістері мемлекет дамуының жаңа бағдарын айқындап берді. Әлемдік үдерістер, технологиялық серпіліс пен геосаяси ахуал әр елден нақты таңдау мен батыл шешімдерді талап етіп отыр.
Мұндай кезеңде уақыт талабына сай бағыт ұстану – стратегиялық маңызға ие. Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту экономиканың тиімділігін арттырудың негізгі құралы ретінде атап өтілді. Бұл – білім беру, басқару, өндіріс және ақпарат салаларында сапалы өзгерістерге жол ашатын маңызды қадам. Дәуір өзгерісі тек қауіп емес, жаңа мүмкіндіктерге бастайтын кезең екені де осыдан көрінеді. Ел таңдауы – жаңашылдық пен ұлттық құндылықтарды ұштастыра отырып, тұрақты даму жолын жалғау. Президент Жолдауында көтерілген бастамалар Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін ел игілігіне тиімді пайдалануға бағытталған нақты бағдар болып табылады.
Ақбота Жалғауова


