Жаңа Конституция жобасында сот жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер - қоғамдағы әділдік пен заң үстемдігін нығайтудың маңызды қадамы.
Соттардың тәуелсіздігін арттыру, судьялардың жауапкершілігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін енгізу - құқықтық мемлекетті қалыптастырудың басты шарты.
Сот жүйесінің ашық әрі әділ болуы халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Әрбір азамат өз құқығы бұзылған жағдайда әділ шешімге қол жеткізе алатынына сенімді болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан сот реформалары - жай ғана өзгеріс емес, ол қоғамның тұрақтылығы мен дамуына негіз болатын маңызды бастама.



