Еліміз жаңа тарихи даму кезеңіне қадам басты. Бұл өзгерістер ел Конституциясын реформалаумен тікелей байланысты және мемлекеттілікті нығайтуға, әділетті қоғам қалыптастыруға, сондай-ақ халық пен билік арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған.
Конституциялық реформаны әзірлеу барысында азаматтар мен сарапшылар тарапынан түскен ұсыныстар жан-жақты қарастырылған. Еркін ойлар ескеріліп, ұсыныстар қамтылған. Жаңа редакция елдің құқықтық, саяси және құндылықтық дамуын қайта пайымдауға негіз болып отыр. Конституциялық комиссия құрамына заңгерлер, экономистер, саясаттанушылар, азаматтық қоғам, бизнес және өнер саласының өкілдері енді.
Айта кетерлігі, процестің ашықтығы да басты назарда болды. Комиссия отырыстары ашық форматта өтіп, онлайн трансляциялар ұйымдастырылды. Сарапшылардың пікірінше, мұндай тәсіл «Естуші мемлекет» қағидатының нақты іске асқанын көрсетті.



