Бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуы маңызды оқиға

(0 Votes)

Қазiр жобасы талқыға түсiп жатқан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында 145 депутаттан тұратын бір палаталы жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылатыны айтылған. Бұл маңызды саяси жаңалық деп есептеймін.

Бір палаталы жүйе заң шығару үдерісін оңтайландырып, шешім қабылдауды жедел әрі тиімді етуге мүмкіндік береді. Пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі саяси партиялардың рөлін арттырып, қоғамдағы түрлі көзқарастардың Парламентте кеңінен көрініс табуына жол ашады.

Өз кезегінде халық өкілдігінің сапасын күшейтіп, демократиялық қағидаттарды нығайтады. Депутаттардың 5 жылдық өкілеттік мерзімі тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүргізуге жағдай жасайды.

Жалпы, Құрылтайдың құрылуы заң шығарушы органның жауапкершілігін арттырып, ел дамуына серпін береді деп сенемін.

Қисымов Фархад

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT