Білімге бетбұрыс

(0 Votes)

Президент Жолдауы еліміздің білім саласын жаңғыртуға бағытталған нақты бағдарды айқындады.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі тек ақпарат берумен шектелмей, ойлай алатын, талдайтын әрі технологияны меңгерген тұлға қалыптастыруы тиіс. Бұл – уақыт талабы. Жолдауда жасанды интеллектіні білім беру процесіне енгізудің маңызы ерекше атап өтілді.

Жасанды интеллект оқыту сапасын арттырып, білім алушылардың қабілетіне сай жеке бағытта дамуына мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл бәсекеге қабілетті, заманауи мамандар даярлауға жол ашады. Білімге салынған инвестиция – елдің болашағына жасалған ең сенімді қадам.

Президент Жолдауы осыны тағы бір мәрте дәлелдеді. Заманауи білім мен жасанды интеллектке сүйенген жүйе ғана Қазақстанды жаңа даму деңгейіне көтере алады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT