Президент Жолдауында білім саласын дамыту мемлекеттің басты басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды. Сапалы білім беру арқылы адами капиталды күшейту, жастардың әлеуетін толық ашу – ел болашағының кепілі. Осы мақсатта білім беру жүйесінде кешенді реформалар жүзеге асырылуда.
Жолдау аясында жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу білім сапасын арттырудың тиімді тетігі ретінде қарастырылды. Ақылды жүйелер оқушылардың білім деңгейін талдап, оқу процесін жекелендіруге мүмкіндік береді. Бұл мұғалім еңбегінің тиімділігін арттырып, оқыту нәтижесін жақсартуға жол ашады. Сонымен бірге, цифрлық сауаттылықты арттыру және жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау мәселесіне басымдық берілді. Президент Жолдауында көрсетілген бұл міндеттер білім саласын заман талабына сай дамытып, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруға негіз болады.



