Президент Жолдауында білім мен ғылымды дамыту елдің ұзақмерзімді өркендеуінің басты негізі ретінде көрсетілді. Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында білім беру жүйесін жаңғырту, ғылыми әлеуетті күшейту – стратегиялық міндет.
Осы бағытта мемлекет білім мен ғылымды ұштастыра отырып, жаңа сапалық деңгейге көтерілуге ұмтылуда. Жолдауда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру мен ғылыми зерттеулерге енгізу қажеттігі ерекше аталды. Жасанды интеллект деректерді талдау, зерттеу жұмыстарын жеделдету және оқыту үдерісін жетілдіруде маңызды құралға айналуда. Бұл өз кезегінде отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жас ғалымдарды қолдау, университеттердің ғылыми әлеуетін арттыру және инновациялық жобаларды дамыту мәселелері күн тәртібіне қойылды. Президент Жолдауында белгіленген бұл бағыттар білім мен ғылымды ел дамуының негізгі қозғаушы күшіне айналдыруға бағытталған.



