Жаңа Конституция жобасы азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруды көздейді. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтудың маңызды тетігі.
Құжатта қоғамдық ұйымдардың, бастамашыл топтардың қызметіне қолдау көрсету қарастырылған. Мұндай өзгерістер халықтың өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысуына жол ашады деген сенімдеміз.



